Астана қаласы әкімдігінің «№ 6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ-не 2026–2027 оқу жылына қабылдауға, келесі оқу жылына немесе оқу кезеңіне ауыстыруға және оқудан шығаруға қойылатын қосымша талаптар.
Бастапқы даярлық топтары спортпен тегін айналысуға ниет білдірген жалпы білім беретін мектептердің оқушыларынан жасақталады.
Оқушыларды бастапқы даярлық топтарына қабылдау талапкердің өтініші, ата-анасының келісімі және тұрғылықты жері бойынша емхана дәрігерінің жазбаша рұқсаты негізінде жүзеге асырылады. Медициналық анықтама № 027/у нысаны бойынша ұсынылады.
Спортшыларды келесі оқу жылына немесе оқу кезеңіне ауыстыру дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің қорытындысы және мекеме басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар спорт түрі бойынша жаттықтырушы-оқытушының баянаты және жаттықтырушылар кеңесі бекіткен жалпы дене және арнайы техникалық даярлық нормативтерін тапсыру хаттамасы ұсынылады.
Оқушыларды даярлықтың барлық кезеңдеріндегі топтардан шығару спорт түрі бойынша жаттықтырушы-оқытушының баянаты негізінде мекеме басшысының бұйрығымен мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
- оқушының жалпы дене және арнайы техникалық даярлық бойынша белгіленген нормативтерді орындамауы;
- спортшының дәлелді себепсіз қатарынан төрт оқу-жаттығу сабағына келмеуі;
- спортшының жалпы дене және арнайы техникалық даярлық нормативтерін тапсыру сабағына дәлелді себепсіз келмеуі.
| Спорт түрі |
Спортшылардың жасы |
Жаттықтырушының толық аты-жөні және байланыс телефоны |
Құжаттар тізімі |
| Велоспорт (тасжол) |
10–12 жас |
Кочетков Александр Леонидович
Ұялы телефон: 8-701-342-88-95
|
- Ата-анасының жұмыс орны мен байланыс телефоны көрсетілген өтініші.
- № 027/у нысанындағы медициналық анықтама.
- Туу туралы куәліктің және ЖСН көшірмесі.
- 3 × 4 см көлеміндегі екі фотосурет.
- Спортшының жеке карточкасы.
|
| Велоспорт (трек) |
10–12 жас |
Латыпова Лариса Васильевна
Ұялы телефон: 8-705-103-32-48
|
| Велоспорт (маунтинбайк) |
10–12 жас |
Олейников Денис Сергеевич
Ұялы телефон: 8-705-547-23-35
|
| Триатлон |
6–11 жас |
Морозова Яна
Ұялы телефон: 8-707-635-13-43
|